«Жыбырлап жүр»: Magnum дүкенінде құрттаған күріш сатылып жатыр (ВИДЕО)

Видеодағы жағдайға байланысты желі қолданушылары дүкеннен түсініктеме беруді және шұғыл тексеріс жүргізуді талап етуде, деп жазады sadaq.kz.
TikTok-та Жарқын Дариға есімді қолданушы жариялаған видео желіде кең таралып жатыр. Ол Magnum супермаркетінде тұрған күріш қаптамасынан тірі құрттардың қозғалып жатқанын көрсеткен.
Қыздың айтуынша, ол бұл дүкенге алғаш рет келіп тұрған және көргеніне қатты таңғалған. Бейнежазбада «Айдони» маркалы күріштің мөлдір қаптамасының ішінде ұсақ құрттардың жыбырлап жүргені анық байқалады.
"Бұл не сұмдық? Magnum-ға бірінші рет келіп тұрмын — міне, көргенім осы. Қараңыздаршы, олар шынымен қимылдап жатыр. Қатты қорқып кеттім", — дейді видео авторы.
Жарқын сондай-ақ, бұл күрішті өндіретін компания балалар ботқасын да шығаратынын атап өтті.
"Олар балалар ботқасын да шығарады екен!", — деп ашуланды қыз.
Видео астындағы пікірлерде көптеген желі қолданушылары дүкен әкімшілігінен бұл жағдайға байланысты шұғыл түсініктеме беруді және тексеріс жүргізуді талап етуде.
@yoydory
Сіздің реакцияңыз қандай?






