«Жыл енесі»: Айнұр Тұрсынбаева келініне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Сәуір 23, 2026 - 00:46
 0  14
«Жыл енесі»: Айнұр Тұрсынбаева келініне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева келініне су жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, көлікті келінінің 26 жасқа толуына орай тарту еткен.

“Осындай қызды өсірген құда-құдағиға мың алғыс! Бағың бес елі болсын, алтыным! Үбірлі-шүбірлі бол, аяулы ана, сүйікті жар болып бақытты бол! Ұлым екеуің қол ұстасып бірге жүр! Біз сені өте жақсы көреміз”, – деп жазды ақын.
Желі қолданушылары енесінің келініне деген құрметіне риза болып, тілектерін арнады.
"Құтты болсын", "Осындай ене бұйырсын", "Жұғысты болсын", "Қандай керемет ене", "Келінге көлік тұрмақ жылы сөз арнамайтын енелер бар", "Бағы бар екен", "Қуаныштымыз",– деп жазды көпшілік. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0