«Жүктімін»: Павлодар облысында сотты алдаған әйел қамауға алынды

Маусым 3, 2026 - 14:35
chat_bubble  0 visibility  0
«Жүктімін»: Павлодар облысында сотты алдаған әйел қамауға алынды
© AP Photo / Jean-Francois Badias

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны мас кезінде көлік жүргізіп, жол апатына түскен, деп хабарлайды олыстық прокуратура. Кінәлі әйел өзінің жүкті екенін айтып, жалған анықтама жасаған.

"Әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған, алкогольдік масаң күйде жол апатына түскен. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған", - дейді прокуратура.

Алайда прокуратура медициналық құжаттың жалған екенін анықтаған. Қылмыстық кодекстің 416-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Ақсу прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен әйел 20 тәулікке қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0