Жұманғарин жұбайының 88 млн теңге табысын қайдан тапқанын айтудан бас тартты

Наурыз 4, 2026 - 16:01
app_badging Наурыз 4, 2026 - 16:02
chat_bubble  0 visibility  11
Жұманғарин жұбайының  88 млн теңге табысын қайдан тапқанын айтудан бас тартты

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұбайының декларацияда көрсетілген 88 миллион теңгеден астам табысын қайдан тапқанын айтпады , деп хабарлайды Sadaq.kz.

Министр өз сөзінде заң алдында ашық екенін және барлық талаптарды мүлтіксіз орындағанын алға тартты. Ол бұл мәліметтерді жасыруға ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті.

Журналистер қауымы министрдің жұбайы мұндай қомақты қаражатты нақты қайдан тапқанына қызығушылық танытқан еді.

«Егер адам декларация тапсырса, онда жасыратын ештеңе жоқ, дұрыс па?», – деп қысқа қайырды.

Сұраққа түсіндірме ретінде ол заңда декларация тапсыру және оны жариялау міндеттелгенін атап өтті. Егер заңда жұбайының табысының көзін ашу талап етілсе, министр оны түсіндіретінін жеткізді. Министр журналистерге, декларацияны толтырып, жариялау арқылы заңда қарастырылған барлық рәсімді орындағанын тағы бір мәрте еске салды. 



Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0