Жұртқа адал болуды насихаттап жүрген блогер әйелін екі баласымен тастап кеткен
Гостиница, ұшақ, ақша, бәрін төлеген қыздарға. Тіпті қарызға кірсе де...

Желіде белгілі коуч, блогер Нұрлан Жанайға қатысты жағымсыз ақпарат тарады. Нақты айтар болсақ, жұртқа «кванттық секіріс» жасауды үйретіп, адал болуды насихаттап жүрген блогер көптен бері жарына опасыздық жасап келген, деп хабарлады sadaq.kz.
Бұл туралы өзге емес, Нұрлан Жанайдың әйелі (желіде Нұрлы Оқас деп тіркелген) хабардар етіп, желіде арнайы мәлімдеме жасаған. Айтуынша, күйеуін бұрынғы ассистентіммен ұстап алған.
«Үш күн бұрын мен күйеуімді опасыздықта ұстап алдым. Мен иллюзияда өмір сүргенімді ұқтым.
Ол менің күйеуім емес екен. (Нұрлан Жанай)
Күйеу деген – отбасына қорған.
Ал ол мені – қор еткен.
Мен үш күн бұрын оның өзінің бұрынғы ассистентіммен көзіме шөп салып жүргенін білдім.
Қасымда жүрген, балаларыммен ойнап, дастарханымнан дәм татқан қызбен.
Осы соққыдан есімді жия алмай жүргенімде,
TikTok-та басқа қыздар шыға бастады “Бұл кісі сіздің күйеуіңіз емес пе?” – деп.
Және... мен тағы өлдім сол сәтте.
Ол – бәрімен болған екен.
Гостиница, ұшақ, ақша, бәрін төлеген қыздарға.
Тіпті қарызға кірсе де, солар үшін кірген.
Ал мен ше?
Мен — оның екі баласының анасы.
Ол мені қарызға батырып,
Соңында бәрінен блоктап, үнсіз кетіп қалды.
Жоқ, бұл жай ғана “жігіттің қателігі” емес.
Бұл – ЖҮЙЕЛІ, ЖОСПАРЛЫ ОПАСЫЗДЫҚ.
Бұл – балаларының анасын, үйін, адал әйелін арзан құмарлыққа айырбастаған адамның әрекеті.
Ол мені сатты.
Өмірімді. Екі баламды.
Маған қалдырғаны — қарыз, көз жас, үнсіздік.
Ол кеткен жоқ. Қашып кетті.
Ал мен осы жазбамен үндемеген барлық әйелдердің атынан айтып тұрмын:
Мен ешкімнен ұялмаймын.
Ұялатын адам – мен емес.
Сатқындық жасаған адам — мен емес.
Жауапкершіліктен қашқан — мен емес.
Мен енді үнсіз емеспін.
Жылап отырған, алданған, алданып жүріп те сеніп келген әйелдерге айтқым келеді:
Сен жалғыз емессің.
Сен кінәлі емессің.
Екі балам үшін ғана өмір сүруге тырысамын», - деп жазған ол өзінің instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






