Қарағанды облысында ауыл мешіті өртеніп кетті

Қаңтар 8, 2025 - 10:06
Қарағанды облысында ауыл мешіті өртеніп кетті
фото: видеодан скриншот

Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысының Томар ауылында жергілікті мешіттің ғимараты толығымен қирап қалды. Өрт өткен түнде ғимарат бос тұрған кезде тұтанған.

"Өрт ғимаратты тез шарпып, қою түтін алыстан көрінді", – делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенше өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жауды жеңе алмады. Бір жақсысы, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow