Қызылордада Назарбаев саябағын қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ
Қызылордада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген саябақты қалпына келтіруге 13 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл туралы sadaq.kz сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында жазылған.
«Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ; атауы – тұрғын емес ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды қайта құру жұмыстары; қосымша сипаттама – «Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту»; жоспарланған сома 13 миллиард 120 миллион 508 мың 659 теңге», – делінген хабарламада.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 2025 жылы 8 қаңтардан 24 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?