Әзірбайжан ұшағын украиналық дрондар атып түсірді - БАҚ
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, бұған дейін түрік пилотының ұшақта электрондық ақау орын алып, ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған деген пікірін жазған болатынбыз.
Ұшақ апатынан аман қалған жолаушы Субхонкул Рахимовтың айтуынша, ұшақ Грозный ауданында екі-үш рет қонуға тырысқан, бірақ белгісіз бір себеппен жерге қона алмаған.
Кейін ұшақтағы жолаушылар жарылыс дауысын естіген, алайда не жарылғанын түсінбеген. Осыдан кейін ұшақ мүлде басқа бағытқа бет алған.
«Мұны енді мамандар айтады – баллон болды ма, әлде басқа нәрсе ме… Жарылыс болды», – деп айтты ол.
«Ұшқыш маневр жасау арқылы адамдардың өмірін құтқарды. Егер ол болмаса, бәріміз өлетін едік. Ұшақтың артқы бөлігі адамдарға толып қалды», - деп келтірді Субхонкулдың сөзін SHOT-телеграм арнасы.
Жолаушының айтуынша, борттағы маскаларда оттегі болмаған. Ол ұшақтың артқы орындығына отырып, басқа маска таққан. Ер адамның қасында отырған барлық адам тірі қалыпты.
Ұшақ құлар алдында біраз уақыт әуеде айналып жүрген көрінеді. Субхонкул қазір басы қатты ауыратынын айтты. Ер адам Екатеринбургте тұрады, бір шаруалармен Баку арқылы Грозныйға ұшқан.
Commonwealth of Independent States Әзербайжан ұшағын украин дроны атып түсірді деп жазды.
"Ресей әуе кеңістігінде Әзербайжанның азаматтық ұшағына украиндық ұшқышсыз аппараттың шабуыл жасауы мүмкін деген нұсқалардың бірі қарастырылуда. Бұл туралы апатқа ұшыраған ұшақтағы оқ атылған іздер дәлел болуы мүмкін", делінген жазбада.
Бұл туралы "Чемодан госсекретов" телеграм арнасындағылар да жазды.
"Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қанаттарында оқпен атқылаған немесе дронмен шабуыл жасаған кезде пайда болатын тесікшелер байқалды. Бүгін ұшақ бағыт алған Грозный қаласына дрон шабуылы жасалды. Бұл нұсқаны жоққа шығаруға болмайды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады", делінген жазбада.
Сіздің реакцияңыз қандай?