«10 келідей салмақ таста»: Құлыбаевтың әкесі сахнада Мақпал Жүнісоваға ақыл айтты (ВИДЕО)

Наурыз 10, 2026 - 17:19
chat_bubble  0 visibility  194
«10 келідей салмақ таста»: Құлыбаевтың әкесі сахнада Мақпал Жүнісоваға ақыл айтты (ВИДЕО)
Коллаж: sadaq.kz

8 наурызда Алматы қаласында белгілі эстрада әншісі Мақпал Жүнісованың мерекелік ән-кеші өтті, - деп жазады Sadaq.kz.

Сол іс-шарада сахнаға миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Алтынбекұлы шығып, дүйім жұрттың алдында әншіге спортпен шұғылданып, салмақ тастау керектігін айтқан. 

«10 шақты килограммдай тастасаң, баяғы қыздай боласың. Баяғыда менің қалай 60-жылдыққа қалай билегенімді, қалай өлең айтқанымды білесің бе? Назарбаевтан басқасының бәрінің аузы ашылып қалған. Соның барлығын қайталауға болады. Қазір уақыт сондай. Егер өзіңді қолға алсаң, өзіңді-өзің ұстау керек, тамағыңды жөндеу керек, спортпен айналысу керек, андай-мұндай сөздермен айналысу керек», - деді Асқар Құлыбаев. 

Мақпал Жүнісова Алтынбекұлының бұл сөзін жауапсыз қалдырмады. 

«Айқайламаныз маған, бұйырманыз. 30 жыл неге келмедіңіз, қиын болғанда, маған неге ақша бермедіңіз. Сіз бай адамсыз, миллиардерсіз. Менің байға шығатын арманым жоқ, менің фигурам өзіме ұнайды. Мына кісі өзі мені алғысы келіп жүр ғой. Сіз алсаңыз да бармаймын. Аман болыңыз, үлкен басыңызды иіп, сахнаға шыққаныңызға рахмет», – деді Жүнісова. 

@aizhik999

На минуточку ей 62 года, концерт шёл более 3-х часов, она пела вживую, танцевала, вела интерактив с гостями, выглядит супер, всеобщая любимица народа, была замужем не за каким-то чмом болотным, но все равно наши находят как выйти и испортить ей настроение ? ♬ оригинальный звук - Lucky Aizh❣️

@aizhik999

Мы с мамой её фанаты) ♬ оригинальный звук - Lucky Aizh❣️

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0