23 адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ФОТО)

Шілде 15, 2025 - 12:31
Шілде 15, 2025 - 12:31
23 адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ФОТО)
Фото: zakon.kz

Кеше, 14 шілде кешке Алатау ауданында жаппай жол апаты болды. Оған бес көлік қатысқан, олардың арасында жолаушылар автобусы да бар, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, Бурундай тас жолында МАЗ автокранының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қатарында келе жатқан Mercedes пен Kia көліктерімен соқтығысқан. Кейін қарсы бағытқа шығып кетіп, автобус пен Subaru көлігіне соғылған.

Апат салдарынан 23 адам зардап шекті. Олардың арасында автобустың жолаушылары мен жеңіл көлік жүргізушісі бар.

Полиция оқиға бойынша тергеу бастады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow