Шетелге шығудың шырғалаңы азайды

Желтоқсан 26, 2023 - 14:29
Қаңтар 5, 2024 - 12:10
 0  104
Шетелге шығудың шырғалаңы азайды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлады sadaqmedia Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Мобильді қосымша АІЖО ААЖ деп аталады және ел азаматтары үшін бұрын қиын болған процестерді жеңілдетіп отыр. 

Дәлірек айтсақ, осы қосымшаның көмегімен енді азаматтар борышкерлер арасында өзінің бар-жоғын іздей алады және қандай да бір қарызы үшін елден шығуға тиым бар ма, жоқ па, соны тексеріп, оны төлей алады. Онлайн режимде қарызын өтеген соң 30 минут ішінде шектеу жойылады.  Сонымен қатар, QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алуға болады.

«Аталған мобильді қосымша азаматтардың атқарушы органдармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетіп, нақты және өзекті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, АІЖО ААЖ мобильді қосымшасын әзірдеу үшін бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады», - деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0