«5 баласы бар жалғызбасты әке»: Тірідей жанып кеткен отбасы туралы тың дерек шықты

Ступинка ауылында болған өрттен тағы бір адамның денесі табылды.

Қаңтар 23, 2025 - 14:37
«5 баласы бар жалғызбасты әке»: Тірідей жанып кеткен отбасы туралы тың дерек шықты
Фото: СҚО ТЖД

Бұл туралы СҚО төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт болған үйде ер адам төрт баласымен тұрған. Әйелі бірнеше жыл бұрын көз жұмған. Шал ақын ауданы әкімдігінің мәліметінше, үй иесі 1984 жылы туған ер адам, жергілікті шаруашылықтардың бірінде жұмыс істеген.

Тұңғышы 18 жастағы қыз бала, мектепте вахтер болған. Одан бөлек үйде 6, 5 және 2 сыныптарда оқитын ұл-қыздары тұрған.

Ал 16 жастағы ұлы Петропавлда оқып жатыр. Оқиға кезінде ол үйде болмады. Отбасы тұрмысы нашар ретінде де, басқа да ешқандай тіркеуге алынбаған екен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow