АЭС салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленді

Қыркүйек 2, 2024 - 11:45
Қыркүйек 2, 2024 - 11:46
АЭС салу бойынша референдум 6 қазанға белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның күнін жариялады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялап жатыр.  Бұл жолғы Жолдау Парламент палаталарының жаңа бірлескен залында өтуде.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow