«Әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының хатын оқып берді

Қыркүйек 4, 2026 - 10:05
chat_bubble  0 visibility  7
«Әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының хатын оқып берді
фото: видеодан скриншот

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне жазған хатын оқырмандарына оқып берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол бұл хатты кейін архивке салуы мүмкін екенін айтып, жазбаның ұлына қатысты екенін жеткізді.

«Айып етпеңіздер… Кейінірек архивке салармын. Көп сөзге, артық іске жоқ ұлдарымның мектеп бітіргенде жазғаны. Бұл – Сағадаттыкі. Бірінші бөлім. Сардардың хатын салуды әлі ойланудамын. Рас, екеуі де әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді. Қазір өздерінше маған қорған, қамқор. Құдайдан бір ғана нәрсені тілеймін, тіл-көзден аман, дендері сау болсын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Осылайша ол ұлдарының мектеп бітірген кездегі жүрекжарды жазбаларын оқырмандарымен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0