«Әкесімен қызы секілді»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15жас кіші сүйіктісіне ән арнап, сынға қалды
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялап, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әнші жарияланған видеода сүйіктісіне "Кішкентай қыз" әнін арнап, жазбасына қысқа ғана пікір қалдырды.
«Ән арнаймын деп жылатып алдым…», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары арасында екі түрлі қызу пікірталас болды. Бірі жұпқа ақ тілегін жаудырып, қолдау көрсетсе, енді бірі олардың жас айырмашылығын алға тартып, бұл таңдауға сынмен қарады.
«Сонша жыл жүріп пұшық қыз алмақшысың ба?», «Аю мен Маша болып отыр ғой», «Қыз тым жас қой, қалай ойланбаған», «Әкесімен құрдас емес пе?», «Кішкентай қыздар шалдарға тиетін заман болды-ау», «Екеуі мүлде жараспайды», – деп жазды оқырмандар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0