Ақордада бірқатар тағайындау болды

Ақпан 17, 2025 - 09:41
Ақордада бірқатар тағайындау болды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow