«Ақша да жоқ, мал да жоқ»: Атышулы блогер «NNN» 48 миллион теңге жымқырған

Шілде 17, 2025 - 16:21
«Ақша да жоқ, мал да жоқ»: Атышулы блогер «NNN» 48 миллион теңге жымқырған
Фото: ғаламтордан

Журналист Гүлмира Абықай Facebook парақшасында блогер NNN жайлы даулы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Оның жазуынша, Instagram желісінде 5 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер NNN Нұрдәулет Бектұрсын 8 жыл бұрын Үкіметтен мал бордақылауға 48 миллион теңге көлемінде субсидия алған.

Алайда, уақыт өте келе бұл қаражаттың қалай жұмсалғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Жергілікті жұрттың сөзіне сенсек, сол қаржы мал шаруашылығына емес, блогердің өзін танымал етуге, яғни жеке брендіне жұмсалған болуы мүмкін.

«Ақша да жоқ, мал да жоқ. Бұл қаржыны мал бордақылауға емес, өзін жарнамалауға жұмсады», – дейді Кентаулық жерлестері.

Әзірге ресми тергеу не тексеріс жүргізіліп жатқаны жөнінде де хабар жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow