Ақтаудағы онкологиялық орталықтың маңынан пациент өлі табылды
Оқиға таңертең болған.

Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамның денесі онкоорталықтың жанында, аялдама маңында жатқан. Жергілікті тұрғындар бірден полиция мен жедел жәрдем қызметіне хабар берген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті марқұмның көшеде кенеттен қайтыс болғанын хабарлады.
"Ер адам көз жұмды. Ол бейімдеу орталығында тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр", – делінген ПД хабарламасында.
Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






