Әлия Назарбаеваның байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ткенже қызы Әлия Назарбаеваның рейдерлік бойынша тағылған айыптарға қатысты материалдары Ұлыбритания мен Швейцарияға жіберілді, деп хабарлайды Оrda.kz.
Elmedia-ға берген сұхбатында кәсіпкер Нұрлан Бимурзин Ұлыбритания мен Швейцарияда Әлия Назарбаеваның жылдар бойы «қапшықтап» жинаған мүлкі шоғырланған ел екенін екенін айтты.
Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева күйеуінен ажырасып, соттасып жатыр
Оның айтуынша, бұл қаражат Ұлыбританиядағы элиталық жылжымайтын мүлік пен басқа да активтерді сатып алуға жұмсалған. Екіншісі құжат Швейцарияның Бас прокуроры Стефан Блаттлердің атына, Берн қаласына жіберілді. Онда біз жағдайды толық сипаттап, Ұлыбритания мен Швейцария органдарының бұл істі тергеуге, атап айтқанда, Әлия Назарбаеваға қатысты қудалау жүргізуге юрисдикциясы бар екенін атап өттік. Себебі Әлия Назарбаеваның мүлкі Ұлыбритания мен Швейцария аумағында орналасқан», – деді кәсіпкер Нұрлан Бимурзин.
Қазақстандық тергеу органдарына бірнеше рет жүгінген кәсіпкерлер ешқандай нәтиже ала алмаған. Олардың айтуынша, барлық өтініштері жауапсыз қалған, сондықтан олар халықаралық соттарға жүгінуге мәжбүр. Енді олар Ұлыбритания, Швейцария және басқа елдердегі тергеу амалдарына үміт артады.
«Біздің мақсатымыз – талаптарымыздың негізді екенін дәлелдеп, Әлия Назарбаеваға қылмыстық іс қозғауға қол жеткізу. Біз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан алған барлық жауаптарды нотариалды түрде аударып, ресімдеп, дәлелдемелік базамен бірге қоса жібердік. Сонымен қатар, тергеу мен прокуратураның барлық сұрақтарына жауап беруге дайынбыз», – деді Бимурзин.
Сонымен қатар, кәсіпкер АҚШ-тың жаңа әкімшілігіндегі бизнес-элиталардың ашықтығын атап өтті. Олар бұрын жіберген өтінішке АҚШ тергеу органдарынан жауап алған.Тергеу биліктің ауысуына байланысты кейінге шегерілгенімен, олардың өтініші тіркеуде тұрғаны және жақын арада қаралатыны хабарланған.
Сондай-ақ, Бимурзин барлық өтініштер экс-президенттер мен олардың отбасы мүшелерінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жарияламау туралы жаңа заң күшіне енгенге дейін жіберілгенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?






