«Аллаға аманат еттім»: Шерзат Полаттың әжесі сотталушыларды кешіргенін айтты

18 сәуірде сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадірова немересін өлтірді деп айыпталғандарды кешіру туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі қарау барысында сот алдымен жәбірленушілердің бірі – марқұм жасөспірімнің әжесінен жауап алды.
"Балам Қаржаубай "16 жасар баланы кешірейік, оның өмірін құртамыз" деп айтты", – дейді Жұмабике Қадірова.
Судья Ержан Жанұзақов қылмыс туралы хабарламады деп айыпталған кәмелетке толмаған Ы.-ны айтып отырғанын түсіндірді.
"Иә. Мен бәрін кешірдім, Аллаға аманат еттім. Алланың үкіміне тапсырамын", – деді Шерзат Полаттың әжесі.
Сондай-ақ марқұмның әжесінен айыпталушылардың отбасынан біреу кешірім сұрады ма, деп сұрады.
"Жоқ, тіпті жерлеу күні де ешкім келмеді. Кешірім сұрамады. Олар бұған үйреніп қалған. Барлығы бірнеше рет сотты болған. Егер соттар әділ шешім шығарса, олар нақты мерзімге сотталса, мүмкін бұлай болмас па еді", – деді марқұмның әжесі.
Әрі қарай сотталушының адвокаттары Жұмабике Кадировадан жауап алды.
– Дүкенге келініңізбен келдім дедіңіз. Үйіңіз дүкенге қаншалықты жақын?
–10 минут жол жүрдік.
– Қарудың атылғанын қай кезде естідіңіз?
– Мен жолдан өтіп, топқа жақындамай тұрғанда қару дауысы естілді. Сол жерде ойын алаңы бар. Сонда бірдеңе тарсылдаған шығар деп ойладым.
– Оқиға орнынан Шерзаттың достары келді ме?
– Екі-үш бала келді.
– Екі бала келініңіздің қолынан ұстап тұрды дедіңіз. Олар қай уақытта келіннің қолын жіберді?
– Шерзатқа жеткенше қолынан ұстап тұрды. Келінім жетем дегенше немеремді қинап, өлтіріп тастады деп ойлаймын. Келінім ұрмаңдар деп айқайлады. Қолынан ұстап тұрған екі адам да ұрып үлгерді.
– Нұрқанатқа жатқан жерде үш рет ұрды дедіңіз. Нақты кім ұрғанын көрдіңіз бе?
– Пышақ ұрғанын өз көзіммен көрдім. Екі адам пышақ сұғып, тепкіледі.
– Жағдайдың бәрі қанша уақытта болды?
– 15-20 минуттың ішінде болды. Сол уақыт ішінде екі балам сұлап қалды. Ол сәтте Қаржаубай тағы екі баламен алысып жүрді. Оның бетінен бөтелкемен ұрып, арқасына пышақ тыққан. Қаржаубайды қуып жүргенін көрдім.
– “Қамажай” дүкеніне қаншалықты жиі барып жүрдіңіз?
– Жұмыстан бос болған кезде 2-3 күнде балаларымның жағдайын білу үшін барып тұрдым.
– Дүкенде тұрмыста қолданылатын қару болды ма?
– Ондай зат болған жоқ. Сатылымда да болмады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






