AMANAT партиясы саяси күштерді бірігуге шақырды

Қазіргі уақытта Қазақстанда сегіз саяси партия тіркелген.

Маусым 6, 2026 - 16:26
chat_bubble  0 visibility  2
AMANAT партиясы саяси күштерді бірігуге шақырды
Фото: telegram

Астанада өткен AMANAT партиясы Саяси кеңесінің отырысында елдің қоғамдық-саяси күштерін Қазақстанның одан әрі дамуы жолындағы міндеттер төңірегіне топтастыру туралы мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жиынға Мәжіліс төрағасы, партия төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік етті. Мәлімдемеде Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқаны атап өтілген. Құжатта жаңа Конституцияның қабылдануы мен мемлекеттік институттардың жаңаша қалыптасуы елдің мемлекеттік тұғырын нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашқаны айтылған.

Сондай-ақ партия елдің тұрақты дамуы үшін қоғамдық-саяси күштердің өзара ынтымақтастығы мен бірлігінің маңызын ерекше атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін AMANAT партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров партияның шұғыл отырысында жаңа Әділет партиясы партиясымен бірігу мәселесі талқыланғанын растаған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сегіз саяси партия тіркелген. Олар: AMANAT, Ақ жол, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Respublica, Қазақстан халық партиясы, Ауыл, Байтақ және Әділет партиясы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0