Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланады – Тоқаев

Қаңтар 20, 2026 - 12:19
 0  15
Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесі талқыланады – Тоқаев
Фото: Ақорда

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президент Ұлттық құрылтай отырысында Арал мәселесін де көтерді. 

«Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқтамай кету мүмкін емес. Қазір Аралды биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба жыл соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін қайтаруға мүмкіндік болады. Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз», – дейді. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0