Әскерден мүгедек боп оралған Ербаянның қазіргі жағдайы белгілі болды

Әскерден мүгедек болып оралған сарбаз Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Міне, Мұхтар Ербаянның Қазақстанға оралғанына бір ай өтті. Осы уақыт ішінде мен оның реабилитациясымен айналысып келемін. Біздің жетістіктеріміз айтарлықтай! Ыстанбұлда жасалған отадан кейін оның жағдайы әлдеқайда жақсарды. Қазір біз күн сайын қимыл-қозғалысын және сөйлеу қабілетін қалпына келтіру үшін тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Алғашқы күндері айтқанымдай, Ербаянның сауығып кететініне сенемін. Алланың қалауымен бәрі жақсы болады", - деп жазылған Ербаян Мұхтарға арналған ресми парақшада.
Ақпаратқа сәйкес, сарбаздың еміне қаражат жинау жалғасып жатыр.
"Алда қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Баршаңызды Ербаян үшін дұға етуге және оның сауығып кетуіне қолдау білдіруге шақырамын. Ата-анасы әлі де қаражат жинауды жалғастыруда, өйткені Ербаянға қосымша тексерулер мен үлкен реабилитациялық жұмыс қажет. Оның көзіндегі от – өмірге деген құштарлығы, сауығып кетуге деген ұмтылысы. Ол берілмейді, біз де қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз! Әр күн сайын талмай еңбектеніп, мақсатына жақындай түсуде", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






