«Әй, мәйіт жатыр ғой, әруақты сыйласаң етті»: журналист Шахановтың жаназасындағы жайтты сынады
Журналист Азамат Әбілқайыр ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жайтқа қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол әнші Қайрат Нұртастың қарапайым келгенін атап өтсе де, кейбір азаматтардың әрекетін сынға алды.
“Ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне әнші Қайрат Нұртас келді. Елеусіз, ың-шыңсыз кіріп-шыққысы келгені байқалады. Бірақ біраз адам ұстап алып, (ақсақалдар мен қарасақалдар) жаппай фотоға түсіп, әрі-бері тартқылап есін тандырды. Жарайды, Қайрат ондайды бірінші рет көріп тұрған жоқ. Бірақ үлкен кісілердікі не? Қайратпен дәл садақада түсу керек пе? Жаназасы оқылмады ғой! Әй, мәйіт жатыр ғой. Әруақты сыйласаң нетті?! Ұят қой, ағалар-ау!
Сана жоқ. Деңгей жоқ. Әре жоқ”, - деп ашуланды ол.
Журналист марқұмды соңғы сапарға шығарып салу кезінде әдеп пен құрметтің сақталуы маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде өмірден өтті. Ақынмен қоштасу рәсімі Алматы қаласында өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0