Азия ойындары: Ел қоржынына төртінші алтын түсті

Ақпан 14, 2025 - 14:31
 0  76
Азия ойындары: Ел қоржынына төртінші алтын түсті
фото: туризм және спорт министрлігі

Харбинде өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды.

Хоккейден ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алған еді. Бас жүлде үшін таласта ұлттық құрама Жапониямен сынға түсті. Есеп 5:0. Осылайша Қазақстан қоржынына 4-алтын түсті.

Шайба авторлары: Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд);

Дмитрий Бреус (21:02);

Роман Старченко (37:59);

Кирилл Панюков (42:24);

Кирилл Панюков (44:23).

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Осылайша, ерлер командасы Азия ойындарының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Тек 2003 және 2007 жылғы Азиадада күміске ие болған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0