«Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен арнайы комиссия келді

«Бағанашыл» балалар үйін тексеруге президент әкімшілігінен комиссия келді. Комиссия мүшелері балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездесті.
Тексеру аясында президент әкімшілігінің өкілдері балалар үйіндегі тұрмыс және оқу жағдайын біліп, оған іргелес тұрған инфрақұрылым нысандарын аралады.
«Қазіргі уақытта көшіру туралы шешімге қатысты құжаттарды жинау мен талдау жүріп жатыр. Заңнамада aта-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударылады», - деп жазылған хабарламада.
Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізіліп жатыр және қысқа мерзім ішінде аяқталады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті», - деді Ерлан Карин.
Еске сала кетсек, кеше Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына ауыстыру туралы шешімге бүгін балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды. Ақыры Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






