Балаева СІМ басшысы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

Кейбір БАҚ құралдары мен телеграм арналарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Қыркүйек 4, 2025 - 15:05
Қыркүйек 4, 2025 - 15:13
Балаева СІМ басшысы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды
orda.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат құралдарында расталмаған ақпараттар тарап жатқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлады sadaq.kz.

«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны жөнінде ресми расталмаған ақпарат тарап жатыр. Еске салғым келеді, кез келген ақпаратты тарату алдында оның шынайылығын тексеру міндеті бар. Сондай-ақ кінәсіздік презумпциясы қағидатын және журналистік этиканы сақтау қажет. Көбіне «хайп» қуып, расталмаған мәліметтерді жариялау арқылы журналистер азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер олардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, негізсіз жала жабуға әкелуі мүмкін»,- дейді Балаева.

Министр сондай-ақ журналистерді кәсіби БАҚ ұстануға тиіс міндеттерді сақтауға шақырған.

«Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламын», - деп жазды ол.

Еске салсақ, бүгін кейбір БАҚ құралдары мен телеграм арналарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow