«Баланың әкесі басқа әнші»: Бейбіт Қорған некесіз баласына қатысты мәлімдеме жасады

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Бейбіт Қорған кезінде қоғамда шу тудырған «некесіз баласына» қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Тodayinfo.
Атыраулық Нұргүл Зиханова 5 жыл бұрын Бейбіт Қорғанмен көңіл жарастырғанын, ал оның 4 жасар баласы – әншінің ұлы екенін мәлімдеген еді.
«Жас кезімізде жүрмеген жеріміз жоқ. Шынымен де “менің балам ба?” деген ой болды. Өзіме сенімсіз болдым. Бірақ мен ДНҚ сараптамасын мемлекеттік зертханаға тапсырып, теріс нәтижесін көрдім. Егер ол менің балам болса, қамқорлығыма алып, тегімді беретін едім. Бірақ олай болмады. Осы оқиға үшін өнердегі кейбір достарым менен теріс айналды. Тіпті, баланың әкесі басқа бір әнші дегенді де естідім. Ол туралы айтпай-ақ қояйын. Жау алыстан келмейді, бұл мені танитын жақын адамдардың тірлігі болуы мүмкін» – деді әнші.
Өнер иесі бұл жағдайдың балаларына психологиялық соққы болғанын айтты.
«Менен гөрі ес біліп қалған балаларыма қиын тиді. Мектепте “Сенің әкең екен” деп көзбен шұқып көрсеткендерін үйге айтып келді. Оларға бұл мәселені ашық түсіндіруге тырыстым. Жалпы, жұртты қаралаудан аулақ болайық», – деді Бейбіт Қорған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






