Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты

Қаңтар 16, 2025 - 14:54
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жаһан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазір Балиде жүрген Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында бірнеше стори жариялап, бұл жаңалыққа қатысты ойын жазды.

"Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс-бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рақмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім", - деп жазды әнші.

Әнші басынан өткен тәжірибесіне ризашылық білдіріп, оны сол қалпында қабылдағанын, жаратушының жоспары өзінікінен де жақсы екенін түсінгенін айтады. Сөз соңында Балжан Бидаш алдағы уақытта үлкен сұхбатқа дайындалып жатқанын, әзірге оны кімге беретінін білмейтінін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow