«Берген анттарыңызға берік болыңыздар»: Аша Матай Құрылтай депутаттарына үндеу жасады (ВИДЕО)

Қыркүйек 3, 2026 - 14:45
chat_bubble  0 visibility  11
«Берген анттарыңызға берік болыңыздар»: Аша Матай Құрылтай депутаттарына үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші  Аша Матай сайлаудағы нәтижеден кейін алғаш рет ел алдына шығып, жаңа сайланған Құрылтай депутаттарына үндеу жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшамында бөлісіп, бейнежазба жариялады.  

«Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңадан сайланған депутаттарды құттықтаймын, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ел игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол сіздерге!» – деді ол.

Құрылтай депутаттарына сәттілік тілеген Аша Матайға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Қайтадан тележүргізуші болатын болдың ба?», «Құрылтайдың арқасында охватымды көтердім десеңші», «Өзі ашулы ғой», «Ренжіп тұр», «Антты жақсы айтатын еді», «Біз де сенің депутат болмағаныңды көріп отырмыз», – деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0