«Бет-аузы күйіп, аяқ-қолы сынып кеткен»: Шахтадағы апатта көз жұмған жұмысшының жесірі көз жасын тыя алмады

Ақпан 20, 2025 - 09:22
«Бет-аузы күйіп, аяқ-қолы сынып кеткен»: Шахтадағы апатта көз жұмған жұмысшының жесірі көз жасын тыя алмады
фото: әлеуметтік желіден

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кен орнында мерт болған кеншілердің денесі туғандарына берілді. Олар ертең жерленеді. Апат кезінде шахта үйіндісінің астында қалған жұмысшының жары жұбайы туралы айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

33 жастағы Константин Рожковтың жесірі жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Марқұм жеті жылдан бері кеніште электрослесарь болып жұмыс істеген. 14 ақпанда Қарағандыдан Ұлытау облысына вахтасына кеткен ол кеше табытта оралды.

Аленаның айтуынша, ол жарылыс ошағына жақын жүрген. Сондықтан оның денесі ең соңынан табылды. Оның бет-аузы күйіп, аяқ-қолы сынып кеткен. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

«Ол жұмысына жан-тәнімен берілген еді. Қосымша жұмысқа қажет құрал-сайманға тапсырыс беріп сатып алатын. Жұмысында да бар ғой, бірақ ол өзі де қызығып, вахтаға әртүрлі құрылғы алып кететін. Оның құрал-сайманға жасаған соңғы тапсырысы бүгін келді. Бірақ енді қолдана алмайды», — деп есіне алады Константиннің жұбайы Алена Рожкова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow