Бір еркек ертіп кеткен: Құлсарыда 8 жастағы қыз өлі табылды

Маусым 7, 2025 - 11:22
Маусым 7, 2025 - 11:25
Бір еркек ертіп кеткен: Құлсарыда 8 жастағы қыз өлі табылды

Кеше кешкісін Құлсары қаласында 8 жастағы қыз бала жоғалып кеткен еді. Алайда, кейін оның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол шамамен түскі уақытта үйден шығып кеткен, бірақ қайтып оралмаған. Туыстары сағат 21:28-де полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі де қосылып, барлық бейнебақылау камералары тексерілген.

Өкінішке қарай, 6 маусымға қараған түні сағат 02:19-да қыздың денесі Күрсай арнасынан табылды.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды, ресми өлім себебі әлі анықталған жоқ.

Полиция жалған ақпарат таратпауға және ресми тергеу нәтижелерін күтуді сұрайды.

Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындардың біріне қатысты бағдарлама және қыз баланың бейтаныс ер адаммен бірге кетіп бара жатқан сәті түсірілген бейнежазба жарияланды.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері де, жергілікті тұрғындар да атсалысқан.

Алайда, өкінішке қарай, қыз бала қайтыс болған күйі табылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow