Черчесовтың орнына келген Әлиев ұлттық құраманы Түркияда жаттықтырады

Ақпан 10, 2025 - 15:56
 0  55
Черчесовтың орнына келген Әлиев ұлттық құраманы Түркияда жаттықтырады
Фото: kazfootball.kz

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0