Daricorn-ның басы дауға қалды: блогердің жарнамасына түскен бала видеодан кейін буллингке ұшыраған

Сәуір 18, 2025 - 16:27
Daricorn-ның басы дауға қалды: блогердің жарнамасына түскен бала видеодан кейін буллингке ұшыраған

Daricorn лақап атымен танымал блогер Дариға Нұркееваның басы дауға қалды. Оған былтыр жазда тоғыз жасар баланың қатысуымен түсірілген видео себеп болған. Әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялаған баланың анасы Ольга Колузанованың айтуынша, ұлы осы видеодан кейін буллингке ұшырап, психикалық денсаулығына зиян келген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желі жұлдызы жеке бизнесін жарнамалап, көшеде балалармен сұхбаттасқан. 

“2024 жылдың тамызында миллионер блогер Дарикорн өзінің Qatty Tatty кафелер желісін жарнамалау үшін менің рұқсатымсыз ұлымды бейнекамераға түсірген. Ол видео 2 миллион 500 мыңға жуық қаралым жинаған. Блогер ұлымнан сүйікті тамағының қандай екенін сұрайды. Сол сәтте ұлымның “Пицца” деген сөзінің үстіне “Пися” деп субтитрмен жазып қойған. Мен ол видеоны қазан айында көрдім. Мекеме басшылығына хабарласып, баламның қорланғанын айттым. Бірақ олар ештеңе істегілері келмеді. Видеоны да өшірмеді. Бір әріп үшін балам достарымен араласудан қалды. Ұлым осы видеодан кейін буллиңке ұшырады. Футбол үйірмесіне де бармайтынды шығарды. Қатарластары да сол видеоны айтып, мазақ етеді екен”, – деп бастады әңгімесін жәбірленушінің анасы.

Баланың анасы Ольга Колузанованың айтуынша, ұлы тіпті мектепте, футбол секциясы мен ауладағы достары тарапынан буллингке ұшыраған. Оқу үлгерімі төмендеп кеткен. Дәмхана басшылығы видео астына жазылған баланың психикалық денсаулығына зиян келтіретін пікірлерді көре тұра, бейнематериалды желіден өшіріп тастауға асықпаған.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті блогер Дариға Нұркееваның даулы видеосына қатысты пікір білдірді7

Бұл — танымал блогерлердің бірі жариялаған, кәмелетке толмаған баланың қатысуымен түсірілген бейнематериал. Аталған жағдай бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жедел шаралар қабылдады. Комитет төрағасы Насымжан Оспанова баланың анасымен тікелей байланысқа шығып, жан-жақты көмек көрсету ұсынылды — психологиялық және заңгерлік көмек қарастырылды. Қажет болған жағдайда Комитет баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ресми түрде сот процесіне қатысуға дайын, - делінген мәлімдемеде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow