Депутат Смирнова елімізде «шетел агенттері» туралы заң қабылдатқысы келеді

Смирнова ханымның ойынша бұл USAID сияқты күдікті ұйымдардан қорғайды. Себебі мұндай ұйымдар елдегі ұлттық құндылықты сақтау деген желеумен әрекет етіп жатыр.

Ақпан 12, 2025 - 15:51
Ақпан 12, 2025 - 16:02
Депутат Смирнова елімізде «шетел агенттері» туралы заң қабылдатқысы келеді
qazpolit.org

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «шетел агенті» туралы заң дайындау туралы бастама көтерді,деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Смирнова ханымның ойынша бұл USAID сияқты күдікті ұйымдардан қорғайды. Себебі мұндай ұйымдар елдегі ұлттық құндылықты сақтау деген желеумен әрекет етіп жатыр. 

Осылай деп атап өткен депутат жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жағдайын қайта қарап, «БАҚ-ты қолдау», «адам құқығы», «толеранттықты арттыру» дегенді желеу етіп жүргендерді тексеруге шақырды. Сондай-ақ Қазақстанда бірқатар елдердегі сияқты заң қабылдауды ұсынды.

«Қазақстанға бұл тәжірибені қолдап, ел азаматтары ақпаратты бағалап, салыстыра алуы үшін оның дереккөзін білетіндей кез келген құрылымды нақты белгілейтін ұлттық заңнама дайындау қажет екеніне сенімдімін. Бұл ретте гуманитарлық және ғылыми ұйымдарға бірқатар ерекшелік белгілеу қажет. Мұндай амал ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді, салауатты азаматтық қоғамды қудалауға және оның дамуын бәсеңдетуге жеткізбейді», - деді Смирнова.

 Смирнова «шетел агенті» туралы заң Израильде, Қытайда, Австралияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та бар екенін айтты.

Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен АҚШ талқылап жатқан USAID агенттігі, «Азаттық» пен «Америка дауысы» радиоларын мысал еткен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow