Димаш Құдайберген қытайлық реалити-шоудың атқарушы продюсері атанды

Қыркүйек 2, 2025 - 12:36
 0  38
Димаш Құдайберген қытайлық реалити-шоудың атқарушы продюсері атанды
Фото: instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық реалити-шоудың атқарушы продюсері болмақ, деп жазады sadaq.kz.

Димаш Hunan TV медиахолдингі мен бас менеджер Цай Хуайцзюньмен келісімшартқа қол қойып, жаңа жобаны іске қосатынын жариялады. Жоба музыкалық реалити-шоу форматында өтпек.

Әншінің айтуынша, жобаға әртүрлі елдердің вокалистері қатысып, түсірілімдер Қазақстанның төрт өңірінде өтеді. Алайда қандай тарихи орындар көрсетілетіні әзірге құпия.

– Шоу бүкіл әлемге көрсетіліп, миллиондаған көрерменге жаңа дауыс пен Қазақстанның бірегей мәдениетін таныстырады. 10 жылға жуық уақыт бұрын Hunan TV арнасындағы "Мен – әншімін" жобасымен үлкен сахнаға жолым басталды. Бүгін мен жаңа рөлде – халықаралық шоу авторы ретінде қайта оралып отырмын, – деп жазды Димаш.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0