Екібастұзда балабақша тәрбиешісінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырған

Қаңтар 16, 2025 - 16:51
Екібастұзда балабақша тәрбиешісінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырған

Екібастұзда балабақша тәрбиешісінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырған. Желідегі жазбада бұл оқиға «Сәби сити» балабақшасында болғаны айтылған, деп жазады Sadaq.kz.

Оның бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Алайда балабақша қызметкері балаға зәбір көрсеткен жоқпын, керісінше ұйықтатуға тырыстым, дейді.  

— Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», — делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Сонымен қатар, видеоның астына баланың аяусыз соққыға жығылғаны туралы пікірлер жазылған.

— Видеодағы менің жиенім. Ол екі жасқа да толмаған. Болған оқиғаның жартысы ғана видеоға түсіп қалған. Бұдан да сорақысы болған. Бала ұйқтағысы келмегені үшін осылай жасаған. Басқа біреудің баласын бұлай қорлауға қандай құқығы бар? Бала психологиялық түрде де ауыр соққы алды», — делінген пікірлерде. 

Балабақшада 15 жылдан аса жұмыс істеген ол уақытша жұмыстан шеттетілді. Оқиға бойынша тергеу басталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Экибастуз Ekibastuz Live (@ekibastuz_live)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow