Елена Рыбакина әлемдік рейтінгте екінші орынға шықты

Наурыз 13, 2026 - 11:39
chat_bubble  0 visibility  2
Елена Рыбакина әлемдік рейтінгте екінші орынға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA live-рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Отандасымыз АҚШ-тағы Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды. Турнирде ол америкалық Джессика Пегулаға (5-орын) қарсы ойнап, 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші орын алған поляк Ига Швентек украиналық Элина Свитолина (9-орын) қарсы тұра алмай, жеңіліс тапты.


Дүйсенбі күні Рыбакина мен Швентек ресми түрде WTA рейтингісінде орындарын ауыстырады. Рыбакинаны жартылай финалда Свитолинаға қарсы ойнайды.

Қазір Рыбакина 7523 ұпаймен екінші орында, ал 10415 ұпайы бар Арина Соболенко көш бастады.

Айта кетейік, Рыбакина 2022 жылғы Wimbledon және 2026 жылғы Australian Open турнирлерінің жеңімпазы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0