Елімізде әйелдерге он бес жастан бастап бала тууға рұқсат берілуі мүмкін

Бала туу жасы енді заңмен бекітіледі. Бұл ұғым енді халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізілгелі отыр.

Тамыз 27, 2024 - 10:53
Тамыз 27, 2024 - 11:00
 0  147
Елімізде әйелдерге он бес жастан бастап бала тууға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда бала туу жасы енді заңмен бекітіледі, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жаңа құжат бойынша, 15-49 жас аралығындағы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып есептеледі. Бұл ұғым енді халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізілгелі жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Былтыр ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босанған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0