«Қазақстандағы әр тиынның есебі немістердің экономикалық орталығында бар» - Тұрсын Жұртбай (ВИДЕО)

Шілде 22, 2025 - 17:06
Шілде 22, 2025 - 17:10
«Қазақстандағы әр тиынның есебі немістердің экономикалық орталығында бар» - Тұрсын Жұртбай (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Тұрсын Жұртбай SadaqMedia YouTube арнасында қонақта болды. Жазушы, филология ғылымдарының докторы сұхбат барысында білетіндерін бөлісіп, Ақселеу Сейдімбек, Мұхтар Мағауин сынды тұлғалар туралы сөз қозғай кетті, - деп жазады sadaq.kz.

Алаштанушы әңгіме арасында «Ақ Жол» партиясы жердің асты мен үстіне иелік етіп отырған кәсіпкерлер мен меншік иелерінің партиясы. Енді Алаш жолымен жүреміз дейді. Жерді жекеменшікке айналдыру Алаштың принципіне қарсы. Сонда Алаштың қай идеясымен, қалай жүреді?» деген пікірін түсіндіріп өтті.

«Кәсіпкерлер партияға бағынбайды. Барлық партия кәсіпкерлерге бағынады. Ал кәсіпкерлерді дүниежүзілік олигархиялық саясат билейді. Бүгінгі болып жатқан соғыстарда олардың демі сөзсіз бар. Араласа алмайды, бірақ демдері бар», - деді ол.

Ғалым Семей полигонын өз көзімен көрген адам ретінде, қазір жүріп жатқан соғыстардың болу ықтималдығы әлдеқашан болжанып, белгілі болғанын айтты. 

«Полигонның қасыретін бүкіл Дүниежүзі сезініп отыр. Оның ішінде Иран мен Израиль алаңдатып, АҚШ атом бомбасын айтып қоқаңдап отыр. Бұл сценарий: Саясаттың жалғасы – соғыс, деген Лениннің қорытындысын аяқтайды. Ленин капитализм мен имперализмді толық зерттеген адам. Сол үшін ол революция жасады. Жириновскийдің өзі әлемнің соғысқа дайын екенін айтып кетті. 30 жылдық бейбітшілік алпауыттар шығарған қаруды қоймада қалдырып отыр. Ал олар қолданысқа еніп ақша түсіру керек. Сондықтан соғыс болуы керек. Жай жатқан ақшалар қозғалысқа түсіп, байлыққа кенеледі. Бірінші Украинада болады деді. Бізде ішкі арандатулар жүріп жатыр», - деп сөзі жалғады жазушы. 

Сондай-ақ Тұрсын Жұртбайдың сөзінше, Қазақстанда айналып жатқан әр тиынның есебі Германиядағы орталыққа белгілі. 

«Билікте болған сенімді адамдарымның айтқаны бар. Біздегі барлауда жүргендердің көбі есірткі контрабандасымен айналысып сонымен есеп береді деді. Ол Ресейдің барлаушыларына береді, одан пайыз түсіп отырады. Ауғанстан кімге керек? Байлығы жоқ. Кімге қауіп төндіреді? Апиын. Америка мен біздің әскер апиын саудасымен айналысқан. Бұл пікірімді теріске айналдыруы мүмкін. Егер шындаса оладың теріс пікірін кері айналдыруға болады. Өйткені қазір Халықаралық жасырын желі бар. Оны Қазақстаннан ала алмайсың. Мен оның бәрін 2018 жылға дейін сыртқа шыққандардан алып жүрмін. Өзімізден емес, немістің экономикалық саралау орталығы бар. Ол жерде Қазақстандағы әр тиынның есебі көрсетілген. Ол есеп Қазақстанда жоқ. Қазір үлкен коррупцияны анықтап жатыр. Ол тек шамасы жеткендері. Жайлап кеткен уды ептеп қана қайтаруда. Ол бірден болмайды. Екпе дәрі сияқты баспалап келе жатырмыз. Тек түбінің қайырын берсін», - деп сөзін түйіндеді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow