Илон Маск ChatGPT-ден 134 миллирад доллар өтемақы талап етіп отыр

Қаңтар 19, 2026 - 10:59
 0  2
Илон Маск ChatGPT-ден 134 миллирад доллар  өтемақы талап етіп отыр
Фото: Allison Robbert-Pool/Getty Images

17 қаңтарда жарияланған Reuters агенттігінің мәліметінше, Илон Маск OpenAI мен Microsoft компанияларынан 134 миллиард долларға дейін өтемақы өндіруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол бұл соманы өзінің бастапқы қолдауының арқасында алынған «заңсыз пайда» деп есептейді.

Сот материалдарына сәйкес, Маск 2015 жылы OpenAI-ды бірге құрған кезде стартапқа 65,5–109,4 млрд доллар көлемінде инвестиция салынуына ықпал еткенін алға тартады. Ал Microsoft компаниясы Маскпен байланысты осы серіктестік аясында 13,3–25,1 млрд доллар көлемінде пайда көрген деп көрсетілген.

OpenAI мен Microsoft Масктың талаптарын жоққа шығарып отыр. Сот процесінің негізгі тыңдауы сәуір айында басталады деп күтіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0