Иран Бахрейннің мұнай нысанына соққы берді (ВИДЕО)

Наурыз 5, 2026 - 20:28
 0  2
Иран Бахрейннің мұнай нысанына соққы берді (ВИДЕО)
Видеодан алынған

Иран қарулы күштері Бахрейн мұнай компаниясының (BAPCO) стратегиялық нысандарына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz Clash Report telegram арнасына сілтемемен.

Соққы Бахрейннің мұнай өңдеу зауыттары мен экспорттық терминалдары орналасқан аймаққа бағытталған. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан аумағында ірі өрт шығып, өндіріс процесі тоқтатылды.

Бахрейн қорғаныс күштері жоғары дайындық режиміне көшті. Аймақтағы АҚШ-тың 5-ші флоты әуе шабуылына қарсы жүйелерді іске қосты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0