Иранда үйлену тойы өтіп жатқан жерге соққы жасалып, төрт адам қаза тапты
Иранның оңтүстігіндегі Сирик қаласында үйлену тойы өтіп жатқан аумаққа соққы жасалып, төрт адам қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Мохтар Салахшур мен Хормозган провинциясы губернаторының орынбасары Ахмад Нафиси мәлімдеді.
Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр. Мәлімет бойынша, жараланғандардың арасында жағдайы ауыр адамдар бар. Осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын растады.
Иранның Press TV телеарнасы елдің оңтүстігіндегі Кешм аралы мен бірнеше қалада жарылыстар болғанын хабарлады.
Бұған дейін АҚШ әскері Хормозган провинциясындағы нысандарға да соққы жасағаны айтылған. Кешм аралындағы шабуылдардың бірінен үш адам қаза тауып, екі бала жараланған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0