Израиль премьер-министрі уланып қалды

Шілде 21, 2025 - 12:44
Израиль премьер-министрі уланып қалды
Фото: Maya Alleruzzo

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

20 шілдеге қараған түні Нетаньяху өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлердің тексерісінен соң оның ішегі қабынғаны белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесі мәлім етті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Израиль премьер-министрінің денсаулығының нашарлауына "бүлінген тағамды тұтынуы" себеп болған.

"Қосымша тексерулерден кейін премьер-министрдің жағдайы жақсы деп бағаланды. Қазір ол ем қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.

75 жастағы Нетаньяху алдағы үш күнді үйінде өткізуі тиіс. Ол сол жерден мемлекеттік істерді басқаруды жалғастырмақ.

Times of Israel басылымының жазуынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты сот отырыстары кейінге шегерілді. Тыңдаулар дүйсенбі және сейсенбі күндері өтуі тиіс болған. Осы аптада Израильде соттар жазғы демалысқа кететіндіктен, тыңдаулар 5 қыркүйекке дейін өтпейді.

Израиль премьер-министріне қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow