«Канело»-Мунгия шайқасы: Альварес әлемнің абсолют чемпионы атағын сақтап қалды
Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (60-2-2, 39 КО) отандасы Хайме Мунгияны (43-0, 34 КО) жеңді.
Жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегас қаласында өтті. Мексикалық қос боксшы екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы мен WBC, WBA, IBF, WBO және The Ring белбеулерін сарапқа салды.
Айқастың алғашқы раундтарында Хайме Мунгияны басымдық танытқанымен, 4-раундта "Канелоның" дәл тиген апперкотынан кейін нокдаунға түсті. Дегенмен келесі раунд тең өтті.
9-раундтан бастап Мунгияны белсенді болғанымен, төрешілер шешімімен Сауль Альвареске есе жіберді.
Жекпе-жек соңында төрешілер шешімі келесідей болды: 117-110, 116-111, 115-112.
Stan.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?