«Қанша жыл күттім...»: Блогер Елдос «Колобок» қуанышты жаңалығын бөлісті

13 жыл бойы сәби күтіп жүрген блогерге еліміздегі емдеу мекемесінің бірі оған ата-ана болуға мүмкіндік бар екенін айтқан

Қаңтар 23, 2025 - 14:35
«Қанша жыл күттім...»: Блогер Елдос «Колобок» қуанышты жаңалығын бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Әзілкеш, қалың көпшілікке «Колобок» деген лақап атпен танымал блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарына жақсы жаңалығын айтып, қуантты.

13 жыл бойы сәби күтіп жүрген блогерге еліміздегі емдеу мекемесінің бірі оған ата-ана болуға мүмкіндік бар екенін айтқан. 

«Басты жаңалығым осы. Қанша жыл күттім осы жауапты. Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow