Қарағандыда колледж студенті есірткі контрабандасы үшін 15 жылға сотталды
Қарағанды қаласында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен контрабандасына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап Sadaq.kz хабарлайды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, колледж студенттерінің бірі «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз куратормен байланысқа шыққан. Ол еңбек жолын «жасырма-курьер» және «қойма» ретінде бастап, қала аумағында есірткі заттарын қабылдау, өлшеп орау және таратумен айналысқан. Студент күніне орта есеппен 30-ға жуық «жасырын орын» (закладка) дайындап келген.
Сонымен қатар, сотталушы Таиландтан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Ол өз қылмысын жасыру үшін 400 мың теңге сыйақы ұсынып, сәлемдемені кәмелетке толмаған «дроппердің» атына рәсімдеген.
Тауарды алу кезінде одан 909 грамм каннабис экстракты табылды. Тұрғылықты жерін тінту барысында тағы 80 грамм есірткі заты алынды. Телефонды тексеру нәтижесінде көрсетілген координаталардан қосымша 3,34 граммканнабис экстракты тәркіленді.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0