«Қарындасымды күйеу балам қойша бауыздап тастады»: Заңгер елдегі заңның жұмсақтығы салдарынан бауырынан айырылғанын айтты
Алматылық заңгер ТЮЗ актерлері Гауhар Шарипа мен оның актер күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың өлімі туралы сұмдық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Заңгер сол күнгі актерлердің өлі денесін өзі көргенін мәлімдеді. Айтуынша, оның күйеу баласы қызғаншақ болған әрі қарындасына күн көрсетпей, ұрып-соққан көрінеді.
«Өзімнің күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың арқасында үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте көргенмін. Басты себебі, ұят еді. Қарындасым "ана-анам білмесін, театрдағы әріптестерім, ағайын-туыс білсе ұят" дегенмен жүрне берді.
Сол барлығына заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу орын алғаннан бастап әйелдің құқығы қорғалу керек еді. Бірақ олай болмады, ақыр соңы қарындасымнан айырылып қалдым. Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай сол бөлменің барлығы қан еді», - дейді заңгер.
@askarbekkazangap Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның үлкен қасіреті. Бас жарылса бөрік ішінде деп үндемеудің соңы осындай қайғылы жағдайға ұласатыны өкінішті… #асқарбекқазанғап #заң#тұрмыстықзорлықзомбылық ♬ оригинальный звук - Асқарбек Қазанғап
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0