Каспий теңізінің түбінен жұмбақ кеме табылғаны рас па?
Өткен жылдың соңына қарай кейбір басылым беттерінде Каспий теңізінің Ақтау маңынан апатқа ұшыраған кеме табылды, деген ақпарат тараған еді. Дәлел ретінде ұзындығы шамамен 70 метр және ені 15 метр болатын кеменің контуры көрсетілген Google суреті берілді, - деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
«Жергілікті балықшылар бор мүйісінен бір жарым шақырым жерде батып кеткен нысан туралы хабарлады. Балықшылардан мұндай хабарламалар үнемі келіп тұрады, бірақ аталған жерде іздеу әлі жүргізілген жоқ. Нысанды зерттеу келесі жылдың мамыр айында жоспарлап отырмыз», – деді Тайфун сүңгуір орталығының нұсқаушысы Бахрамжан Новрузов.
Кеменің анықталған координаттары: 43°0'0" солтүстік ендік, 51°0'0" шығыс бойлық», - делінген тараған ақпараттарда.
Бүгін 112_mangystau инстаграм парақшасында суға батқан кеме туралы координаттары бойынша зерттеу жүргізілді», - деген ақпарат шықты.
«Құтқарушылар Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықтағы теңіз түбін зерттеді.
Маңғыстау облысының Туризм басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті болжалды батқан кеме координаттары бойынша зерттеу жүргізді.
Ақпаратқа сәйкес, кеме 43° солтүстік ендік пен 51° шығыс бойлықта, Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан деп көрсетілген. Жарияланымдарда Google Mars спутниктік суреттері ұсынылып, бұл аймақта батқан кеме болуы мүмкін екендігі айтылған.
Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталмады. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9–10 метрді құраған.
Зерттеу қорытындысы бойынша, болжалды ақпарат шынайы емес деп танылды», - делінген деректе.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?