Қайғылы жағдай: Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шілде 20, 2026 - 15:13
chat_bubble  0 visibility  6
Қайғылы жағдай: Павлодарда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: pixabay

Павлодар – Кенжекөл автожолында апат болып, бір адам ажал құшты. Жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына қатысы бар деген күдікпен ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Көлік тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Адам өліміне әкелген жол апатының барлық мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Э

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0